Қарағанды фармацевтикалық кешені

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Газалиев к-сі, 16

Телефон нөмірі: +7 (7212) 90‒80‒51

О проекте

«Қарағанды фармацевтикалық кешені» - бұл ең жаңа технологиялық жабдықтармен жабдықталған бірінші отандық инновациялық биотехнологиялық фармацевтикалық кешен, өндірістік цехтар халықаралық стандарттарға сәйкес озық өндірістік тәжірибенің талаптарын ескере отырып жобаланған және салынған.

Кәсіпорында еуропаның жетекші өндірушілерінің – «BOSCH», «GEA» және «Optima» компанияларының жоғары технологиялық жабдықтары орнатылған, бұл барлық технологиялық процестерді автоматтандырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз етеді, инженерлік жүйелері жұмысының параметрлерін үнемі бақылауды және мұрағаттауды жүзеге асырады, таза үй-жайлардың күйіне және ауаның сапасына мониторинг жүргізеді.

Инспекциялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпорынға GMP және GDP сертификаттарын берген, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес келетін дәрі-дәрмектердің өндірісі мен сапасын бақылауының дұрыс ұйымдастырылуын растайды.

Өндірісті жергіліктендіру Қазақстан Республикасында бұрын өндірілмеген гемофилия, онкология, вирустық гепатит, қант диабеті және т.б. сияқты әлеуметтік маңызды ауруларды емдеуге арналған биотехнологиялық дәрілік препараттарды шығару технологиясын трансферлеуді қамтиды.

Қазіргі уақытта компания келесі препараттарды шығарады және сатады:

• Ритуксимаб - ісікке қарсы және иммундық түрлендіргіш зат, моноклоналды антидене, қан ауруларын (лимфома, лимфолейкоз және т.б.) немесе ересектердегі ревматоидты артритті емдеу үшін қолданылады;

• Эптаког альфа (ТН Семиклотин) - рекомбинантты белсендендірілген VII  қанның ұю факторы, ауыр және жаппай қан кетуді тоқтататын А және В гемофилиясының ингибиторлық түрін емдеуге арналған таңдау препараты болып табылады;

• Трастузумаб - сүт бездерінің қатерлі ісігі мен асқазан қатерлі ісігін емдеу үшін қолданылатын ісікке қарсы құрал;

• Бевацизумаб (Бевацизумаб) - ісікке қарсы құрал, келесі ауруларды емдеуде қолданылады:
 метастатикалық колоректалды қатерлі ісік;
 сүт безінің жергілікті қайталамалы немесе метастатикалық обыры;
 бүйрек жасушаларының таралған және / немесе метастатикалық обыры;
 таралған, операция жасауға келмейтін, метастатикалық немесе қайталанатын жазық жасушалы емес, ұсақ жасушалы емес өкпе обыры;
 глиобластома (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) жіктемесіне сәйкес IV дәрежедегі қатерлі глиома);
 аналық бездің, жатыр түтігінің және ішперденің бастапқы обыры;
 жатыр мойны обырының ұзақ сақталатын, қайталанатын немесе метастатикалық обыры.

Интерферон бета - 1b (Интербетин) - адамның рекомбинантты интерферон бета 1b алғашқы қазақстандық биобаламасы. Интерферон бета-1b вирусқа қарсы және иммуномодуляциялық белсенділікке ие. Интерферон бета-1b-нің шашыраңқы склероздағы әрекеті жасуша бетіндегі жоғары аффинді рецепторлармен байланысып, вирусқа қарсы, пролиферативке қарсы және қабынуға қарсы әсері бар бірқатар ақуыздардың экспрессиясын тудырады. Интерферон бета-1b-нің шашыраңқы склероздағы емдік әсері цитокиндер теңгерімінің қабынуына қарсы цитокиндердің пайдасына өзгеруіне, лейкоциттердің пролиферациясының тежелуіне және аутоантигендердің шығуының бұзылуына байланысты.

• Алтеплаза (Ревекард)- фибринолитикалық құрал - плазминоген белсендендіргіші, жедел миокард инфарктісі мен жедел массивті өкпе артериясының тромбоэмболиясын емдеуде қолданылады.

Қарағанды фармацевтикалық кешені жаңа заманауи жоғары тиімді емдік препараттардың өндірісін игеру бойынша жұмыстарды жалғастыруда және 10-нан астам атаулар әртүрлі жергіліктендіру кезеңдерінен өтуде.

Компанияның миссиясы - Қазақстан Республикасының халқын отандық, қол жетімді, сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрі-дәрмектер құралдарымен қамтамасыз ету.